Версия для печати

«СКАТ» Әуекомпаниясы» жаңа терминал құрылысын бастайды Избранное

Пятница, 07 Сентябрь 2018 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2472 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «СКАТ» əуекомпаниясы» АҚ төрағасы президенті Владимир Денисовпен меморандумға қол қойды. Маңызы зор меморандум аясында «Шымкент қаласы əуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасы жүзеге асырылатын болады.

DSC 2692

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылғалы шаһарымызға отандық жəне шетелдік туристер көптеп келуде. Қала басшысы инвесторды меморандум аясында құрылыс жұмыстарын ертерек бастауға және үзіліссіз жалғастырып, 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдалануға беруге шақырды.
– Бұл жоба Шымкент əуежайында жолаушыларды өткізу қабілетін арттыру үшін терминал салу қажеттілігі туындауына байланысты қолға алынды. «СКАТ» əуекомпаниясы» АҚ жеке инвестор ретінде жаңа терминалды өз есебінен салуға қызығушылық танытып отыр.
Осыған байланысты қала әкімдігі тарапынан терминал құрылысына 2,8 гектар жер телімі бөлінді, – деді шаһар басшысы.
Инвестиция көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайды. Жаңа терминал құрылысы бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен «СКАТ» өз қаржысы есебінен көлемі 2,8 га жер теліміне жаңа терминал құрылысын жүргізеді. Содан кейін көлемі 7 га жерге әуе кемелеріне арналған перрон кеңейтіледі. Ал жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысын, абаттандыру жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жүргізілетін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.