Версия для печати

Шымкентте тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жатқан тағам объектілері анықталды

Среда, 27 Март 2019 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4497 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және оның аумақтық басқармалары тарапынан халық арасында тамақтан уланудың және өткір ішек ауруларының алдын алу мақсатында, рұқсатсыз жұмыс жасап жатқан тағам объектілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрақты түрде кәсіпкерлерге қандай талаптардың сақталуы керектігі, рұқсат құжаттарын қалай алатындығы және заң талаптары орындалмаған жағдайда қандай әкімшілік шаралар қабылданатындығы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 146 объектілер рұқсат құжаттарын рәсімдеген. Жоспардан тыс тексеру нәтижесімен 4 объекті бойынша сотқа талап арыз жолданып, сот шешімімен айыппұлдар салынған болатын.

Соған қарамастан, бүгінде рұқсатсыз өз жұмыстарын бастаған кафе, тойхана, наубайхана, шайхана, кондитер цехтары анықталды:

Абай ауданында:

- «Лаваш» орталығы (Темірлан тас жолы, н/з);

- «Чикен бургер» (Темірлан тас жолы, н/з);

- «Мумуня» кондитер цехы (Абай даңғылы, н/з);

- «Карима» кондитер цехы (Гагарин көшесі, н/з);

- «Плов в коробочке» (Республика даңғылы, н/з);

Әл-Фараби ауданында:

- «Chocolate» студиясы кондитерлік цехы  (Жангельдин көшесі, №10);

- «Jam Bokery» кондитер цехы  (Қонаев даңғылы, №9);

- «Наубайхана кондитер цехы» (Байтұрсынов көшесі, №59/3);

- «Yummy» кондитер цехы (Байтұрсынов көшесі, №26);

- «Vanil» кондитер үйі (Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, №91);

- «Van ellia» кондитер цехы (Тауке хан даңғылы, №6);

- «Ақбастау» тойханасы (Бәйдібек би даңғылы, н/з);

- «Шұғыла»  тойханасы (Байдібек би даңғ., н/з);

- «Тату» тойханасы (Рысқұлов көшесі, н/з);

- «Теріскей» кафе-тойханасы (Дулати көшесі, н/з);

- «Benjamin» караоке-мейрамханасы (Дулати көшесі, 51);

- «Ай-Ғасыр» тойханасы (Рашидов көшесі м/а, н/з);

- «Сака Гранд» мейрамханасы (Жоғары Отырар көшесі, н/з);

- «MADI» мейрамханасы (Арғынбеков көшесі, 65/1);

- «РАLACIO» ресто-бары (Арғынбеков көшесі, 49/1);

- «Комфорт» кафесі (Арғынбеков көшесі, н/з);

-  Наубайхана (Әлімқұлов көшесі,7);

- «The ofis» кафесі (Тәуке хан даңғылы, н/з);

- «Жеті тандыр» кафесі (Түркістан көшесі,6);

- «ЛОFТ» (The Loft) кафесі (Байтұрсынов көшесі, н/з);

- «Керемет» кафесі (Тәжібай ата көшесі,10/1);

- «Восточный стиль» кафесі (Орталық саябағының аумағында);

- «Zam-Zam» шайханасы (Желтоқсан көшесі,61);

- «Маxi burger» кафесі (Республика даңғылы, н/з);

- «Атлас» мейрамханасы (Байтұрсынов көшесі, 20/3);

- «ARNAU» тойханасы (Арғынбеков көшесі, н/з);

- «Zheka Doner Houst» кафесі (Б.Момышулы даңғылы,6);

- «Арбуз» кафесі (Төреқұлов көшесі,86);

- «Шах» шайханасы (Желтоқсан көшесі,н/з);

- «Steik Fild» кафесі (Қонаев даңғылы,13);

- «Кебаб центр» мейрамханасы (Қонаев даңғылы,17/5);

- «Халва» кафесі (Адырбеков көшесі,39);

- «Vivaro» мейрамханасы (Жандосов көшесі,40).

Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарын рұқсат құжаты жоқ тағам объектілерінде тамақтану Сіздің және балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екендігін ескертеміз!

Сол себепті, кәсіпкерлерді және әлеуметтік желілер арқылы тағам өнімдерін өндірумен, сатумен, тамақтануды ұйымдастырумен айналысатын тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңдылықтардың талаптарын сақтауға және тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдеуге шақырамыз.

Кеңес алу қажет болған жағдайда, Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (Қонаев даңғылы, 27; байланыс телефоны: 8 7252 30 03 04) жүгінуге болады.

Последнее изменение Четверг, 28 Март 2019 10:26
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.