Версия для печати

Теміржол қалпына келтірілуде

Среда, 24 Апрель 2019 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2522 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Оңтүстік» арнайы-экономикалық аймағына апаратын теміржол тұйығын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. 2009 жылы салынған бұл тұйық жол белгілі бір себептерге байланысты іске қосылмаған.

Теміржол 1

Содан бері тоқтап тұрған жылдар ішінде кейбір учаскелердегі рельстер мен шпалдар бұзыла бастады.

Бұл мәселе қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен экспорт жөніндегі комиссия отырысында көтеріліп, арнайы-экономикалық аймақтағы нысан иелері кәрізді жөндеп, теміржолды іске қосуды өтінген болатын.

Қала әкімі көптен күткен жөндеу жұмыстарын бастауға тиісті тапсырма берді. Енді жөндеу жұмыстары жаздың соңына қарай аяқталады және күзден бастап кәсіпорындарға шикізат тікелей жеткізілмек.

– Теміржолды іске қосу тауарлар логистикасына, сәйкесінше олардың өзіндік құнына кететін шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер жеткізу құны бірдей болатын фура мен вагонды алайық.

Фураға 20 тоннаға дейін тауар сияды, ал вагонға 50 тоннаға дейін тауар сияды. Яғни 2,5 есе көп, - деді «Оңтүстік» АЭА Басқарма төрағасы Сұңғат Абдуллаев.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.