Версия для печати

Жігерін жанып жастардың

Среда, 22 Май 2019 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3151 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Ел ертеңі – білімді жастар» форум өтті. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар колледжінде өткен жиынға халқымыз «күміс қыз» атап кеткен зілтемірші, ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен айтыскер ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов та қатысты.

форум

Қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы Мұхамеджан Тынышбаевтың 140 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында зілтемірші Жазира жастарға ағынан жарылды.

– Осындай әр кездесуде көпшілік алдына шыққан сайын Олимпиадаға шыққандай қобалжимын. Кішкентай кезінде мен сияқты ешкім ойынға құмар болмаған шығар.

Спорттың барлық түріне қызығушылығым ерекше болды. Төбелесті де көрдім. Егер зілтемірші болмағанда, футболшы болар едім, - деді Жазира.

Форум барысында айтыскер ақын Біржан Байтуов жастардың жігерін қайрайтындай кесек сөздер айтты.

– Біз Алаш қайраткерлерінің ширегі тұрмақ, тырнағына да татымаймыз. Олардың заманы аумалы-төкпелі алмағайып уақыт еді. Ашаршылық, репрессия кезінде де жігерін жасытпаған.

Ал дәл қазіргідей бейбіт заманда жастарымызды жігері мықты болуы тиіс. Біз өзімізге берілген заманауи, тарихи мүмкіндікті оңтайлы пайдалануымыз керек, - деді ақын.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.