Шымкентте «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының І кезеңі аяқталды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы ұйымдастырылып, өңірлік деңгейде іріктеу кезеңі өтті.
Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері құжаттарын тапсырып, 31 үміткер «Персоналды басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ базасындағы тестілеу залдарында 5 стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша тест тапсырды.
Белгіленген межеден өтіп, жоғары балл жинаған 6 мемлекеттік қызметші келесі кезең – өңірлік конкурстық комиссия алдында жеке жобаларды қорғау сатысына жіберілді.