Жастар акцияда ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ тұрғындар арасында ТУ, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты.
– Ұлттық нышандағы мерекенің мерейі үстем. Көк Туды теңдігімізге, Елтаңбамызды, Әнұранымызды биік тұғырымызға балаймыз. Бірақ елімізде төтенше жағдай алынғанымен, карантиндік шектеулер алынған жоқ. Соған байланысты, акцияны сақтық шараларын ұстана отырып, өткізіп отырмыз. Ұлттық рухты оятатын мерекелік эстафета дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биылғы челленджге де кез келген отансүйгіш азамат қатыса алады, - деді «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева.
Ұлтымыздың ұлылығын, тарихымыздың қасиетін танытатын акция Абай саябағы, Арбат демалыс аймағы, Дендросаябақ және Еңбекші ауданындағы Север сауда орталығында жалғасты.