Версия для печати

ЛИФТІЛЕР ЖАҢАРТЫЛУДА Избранное

Среда, 07 Октябрь 2020 04:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1380 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты.

419

 

Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.
Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы «Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуін «DOSTAR лифт» ЖШС-і жаңартады.
Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.
Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.