Версия для печати

Шаһардың шежіресі – Қошқар ата Избранное

Пятница, 09 Октябрь 2020 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1527 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қалай болғанда да қарсы жағалаудағы Яксарттан Қос мүйізді Ескендір өз аттарын суарып, шығыс бетіндегі Маракандаға қарай сауда керуені беттеген күндерді көрген көнекөз адамдардан қалған ғаламат жәдігер бүгінге келіп жетті.

300

 

Керуен аптапты шөлейттермен, шексіз-шетсіз дала, қиямет-қайым тау асуларымен ұзақ жүрді. Жол шеккендер де шаршап, шөл басар суы қалмады. Тіпті, шыдамды түйелердің өзін шөл қысып, өкіріп-бақырып, шөгіп қалды. Кенет олар жолдың жағасындағы үлкен таста отырған, шашын ақ басқан қарт кісіні көрді. Әбден шаршаған керуенбасы одан:
– Ақсақал, жол әлі ұзақ па? – деп сұрады.
– Бір асудан соң Бадам өзені кездеседі, - деді әлгі қарт кісі.
Сосын керуен жетекшісінің басы салбырап кеткенін көріп: - Егер мен отырған тасты орнынан қозғасаңдар, бұлақтың көзін ашасыңдар, - деп қосып қойды.
Мұны естіген керуеншілер тасқа қарай лап қойды. Расында да орнынан қозғалған тастың астынан тұп-тұнық су мөлтілдеп шыға берді!
Бұлақтан шөл қандырып, демін алған және күш жинаған керуеншілер алға жылжыды. Ал өздеріне жақсылық жасаған кісінің аты-жөнін сұрағанда «Қошқар» деген қысқа жауап естіді. Содан кейін-ақ көп өтпей жан-жақтан пайда болған майда бұлақтар жинала келіп, ылдида әдемі өзен құралды. Уақыт өте келе өзен жағасы ғажайып тоғайға айналып, тоғай жағалай еңбексүйгіш адамдар – алғашқы шымкенттіктер қоныстана бастады. Ал өзен Қошқарата деп аталды...
Бұл оазистегі қаланың пайда болуы қалашықтан екі шақырымдай жоғарыдан басталатын бұлақ көзінен құралған Қошқарата өзенін қоршай салынған қорғанның түбінен орын алуымен байланысты. Бұлақ көзіне жақын жерде, кей аңыздардың ізімен жүрсек, өмір сүрген уақыты Қожа Ахмет Яссауидің кезеңімен ұштасатын Қошқарата әулиенің кесенесі орын тепкен. Қошқарата кесенесі көп ертеректе өзен бастауының тура қасында болған ескі кесененің бұрынғы материалдарынан ХХ ғасырдың 60-70-жылдары қайтадан жаңалап салынған.


«Қошқарата сейілі» фестивалі


Белгілі саяхатшы-зерттеуші А.Добросмыслов «Сырдария облысының қалалары» атты кітабында ХХ ғасырдың басында тек Шымкенттің тұрғындарына бұйырған бұл ғажайып мереке туралы айтып өтті. Баяғы ғасырлардан бері Наурыз мерекесі басталардан екі апта бұрын Шымкентке жақын маңдағы тау бөктерінен келген қазақтар Қошқарата өзенінің жағасына киіз үйден үлкен қалашық тұрғызды. Осында үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, көшпелілер мен қалалықтар арасында тауар алмасу белсенді түрде жүрді.

302


Одан кейін барлығы жиналып, ірі қошқарды құрбандыққа шалды. Жасағаннан сәтті жыл, берекелі жиын-терім, Қошқаратаның рухына тыныштық тіледі. 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталғанша, көп ғасырға дейін осылай жалғасып келді.
Билік басына большевиктер үкіметі келгеннен бастап «ескінің жұрнағымен» қоштасуға тура келді. Алайда, тіпті, 20-жылдардың ортасында жергілікті зиялы қауым өкілдері сүйікті мерекеге жан беруге ұмытылып бақты, дегенмен...

301


2015 жылғы желтоқсан айында шымкенттік өлкетанушы-бастамашылар Алексей Гончаров пен Кеңес Исмаиловтар Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа ертедегі халықтың сейіл құруын жаңарту туралы өтініш білдірді. Қала әкімі бұл идеяны қуаттап, 2016 жылғы наурыз айында, жүз жылдық үзілістен кейін «Қошқарата сейілі» фестивалі қайта жанданды. Одан кейін дәстүрге айналып кетті. Мереке наурыз айының ортасында өтеді. Ірі қошқар енді жұрттың көз алдында бауыздалмайды. Қошқарлардың өзіне арналған «конкурс» өткізіледі. Сондай-ақ, әр жылы ұлттық спорттың көптеген түрі ұйымдастырылады. Соның ең қызығы – салмағы жарты центнер қошқарды иыққа салып, отырып-тұру. Жеңімпаз сол қошқарды өзі алып кетеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.