Версия для печати

АГРС-3 ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ Избранное

Среда, 14 Октябрь 2020 04:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1411 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы (АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент») 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қалаға қажеттілік көлемі – 250 000 м3/сағат. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқарады.

516

 Шымкентте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде табиғи газбен 92,1% қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады.

Бүгінде «Автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3)» өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болатын нысанды «StroyGazCompany» ЖШС салуда.
АГРС-3, магистралды Қайнарбұлақ және Асар-2, Алтынтөбе шағынауданы, Достық шағынауданы мен Бадам (195 орам), Асар-2, Азат шағынаудандарында барлығы 8 нысанның құрылысы жүруде. Бұл жөнінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мамандары мәлімдеді.
АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылып, қала тұрғындары сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.