Версия для печати

ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Избранное

Пятница, 30 Октябрь 2020 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2036 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әсет Маратұлы Әбдіраханов қалалық цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.

715

 

Әсет Маратұлы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – экономика және құқық бакалавры, урбан инжиниринг магистрі. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасымен Манчестер университетінде білім алған.
Қызмет жолы 2010-2012 жылы «Вертикаль-Т» ЖШС-де маркетинг маманы болудан басталған. 2012 жылы «Шымкент Октан» ЖШС мұнай өнімдерін қабылдау цехы бастығының орынбасары болған. 2012-2013 жылдары Астана қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты ынтымақтастық басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, кейіннен сарапшысы болып қызмет атқарған.
2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының сарапшысы, 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Активтерді басқару департаменті Мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының сарапшысы, кейіннен бас сарапшысы болған.
Сонымен қатар, Әсет Әбдіраханов 2015-2017 жылдары Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарған.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.