Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық ситуациялық орталықтың басшысы Азат Әміртаев баяндады.
Оның айтуынша, өтініштер рейтингісінде көлік және жолаушылар көлігі саласы көш бастап тұр. Қоғамдық көлік және жол мәселесімен 618 шағым тіркелген, ал коммуналды шаруашылық бойынша 498 шағым қаралған. Одан кейінгі қатарда қала тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік, тұрғын үй мәселелері толғандырған.
Шаһар басшысы халықпен кері байланыс орнату бойынша жасалған жұмыстарды тыңдап, мерзімі кешіктірілген шағымдар үшін жауапты сала басшыларына ескертулер жасады. Сондай-ақ, ай сайын есеп алынып, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
Еске сала өтейік, қала әкімдігінің жұмысына қатысты қандай да сұрақ, арыз-шағым болса, 109 нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp мессенджерімен
+7 7777 109 109 нөміріне хабарлама жіберуге болады.