Бұдан бөлек, Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе 8 мыңнан астам тұрғын жарыққа қол жеткізеді.
Қазіргі таңда қаланың солтүстік бөлігін электр жарығымен қамтамасыз ететін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүруде. Бұл өз кезегінде бүгінде сапасыз электр қуатын пайдаланып келген 16 елдімекеннің өзекті мәселесін шешуге септігін тигізбек.