Чемпионатқа қатысқан жас спортшылар арасында Шымкент каласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, шымқалалық спортшы Зарина Бикмаеваның бағы жанды. Ол чемпионаттың жеңімпазы және жүлдегері атанды. Велошабандоз екі жаттығуда да алтын және күміс медаль жеңіп алды.
Мұнан бөлек, Шымкент каласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірқатар жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтсақ, жеңіл атликадан Өскемен қаласында өткен ҚР Кубогінде Владислав Кондратьев (60 мс/б) ІІ-орын, Тимур Худайбергенов (400 м) ІІІ-орынды иеленді. Сондай-ақ осы қалада жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында Руслан Ишметов (7 борье) ІІ-орын, Ольга Чернова (60 м/сб) ІІІ-орын, Зафар Абувалиев ІІІ орынды иеленді.