Шаһар басшысы алдымен Тоғыс тұрғын алабындағы №120 жалпы орта мектепке қосымша салынып жатқан 300 орынды оқу корпусының құрылыс басына барды.
Жер телімінің жалпы ауданы – 4,88 гектар. Жоба құны – 934 734,8 мың теңге. Жауапты мердігер мекеме – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС. 2020 жылы 380 000,0 мың теңге қаржы игерілсе, биылға қаралған қаржы көлемі – 555 107,0 мың теңге.
2019 жылы қазан айында басталған мектеп құрылысын биыл шілде айында аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, 2021 жылы қалада 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізіледі.