Басым бағыттарды жүзеге асыруда 2020 жылы 113,8 млрд теңге қаралған болса, осы жылға қаралған қаржы – 133,3 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5 млн.теңгеге артқан. Бүгінгі таңда игерілгені –30 421,8 млн теңге. Онда 95 химия кабинеті, 82 биология кабинеті, 50 физика кабинеті, 13 STEM кабинеттер, 23 робототехника кабинеті, 7 логопед кабинеті мен интерактивті тақталар алу, бейнекамералар алуға конкурс жарияланған.
Ал, қалада 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін болып белгіленген.
Ж.Тажиеваның мәлімдеуінше, 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа болжам бойынша 25 000-ға жуық оқушы қабылдау жоспарланып отыр.