Версия для печати

ДӘСТҮРЛІ ОҚУҒА ОРАЛАДЫ Избранное

Пятница, 21 Январь 2022 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 512 раз
Оцените материал
(0 голосов)

24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейтін болады. Мұндай шешімді Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. ҚР БҒМ мәліметінше, білім беру ұйымдары мынадай алгоритммен жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды.

961

 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептерде – толыққанды офлайн оқиды.  600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде толымдық жобалық қуаттың 50%-інен аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4 сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады. 5-11 сынып оқушыларына келер болсақ, мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, ауысымдар мен ішкі ауысымдардың жұмысын ұйымдастыру, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтініштерін ескеру ұсынылады. Мектептерден тыс ұйымдардағы оқу: жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) – жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде жүргізіледі. Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқыту аралас форматта: практикалық, лабараторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.