AMANAT партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен бірыңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қаланың бас прокуроры Ғ.Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков және AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.
Тұрғындардың басым бөлігі жеке мәселесімен келген. 17 азамат баспанамен қамтуды, 15 тұрғын жер телімін үлестіру мен жерді заңдастыруды, 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген 15 азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, аллея салу секілді ұсынысын жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, мал шаруашылығы үшін субсидия, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамтуды сұрады.
М.Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.