Аталған нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде Асар-2 елді мекеніндегі 1000 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, шағын аудандағы Нұрлы жол және №4 көше жарықтандырылады.