Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ-нің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толуына орай 2022 жылғы 9-10 тамызда іс-шаралар өтеді.
Іс-шаралар арқылы ұлы ақын, ойшыл, сазгер, философ А.Құнанбайұлының еңбектері жастарға насихатталатын болады. Атап айтқанда, Арбат демалыс аймағында жылжымалы кітап керуені, Абай кітапханасында «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты әдеби әуенді кеш, «Абай әндерін бірге шырқайық» караоке ұйымдастырылмақ.