Версия для печати

Жанбота мен Жібек – Универсиада жүлдегерлері! Избранное

Понедельник, 30 Январь 2017 10:02 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5030 раз
Оцените материал
(0 голосов)
Алматыда өтіп жатқан дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың ақжолтай алғашқы жүлделері де қоржынға түсті. Әйелдер арасындағы фристайл акробатика сайысында екі жүлде иелендік. Көпшілікті қуантқан өз қаракөздеріміз – Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева.
16426155 740750719411294 6121873631954582618 nДүниежүзілік бәсекеге үш жерлесіміз аттанған еді. Үшеуінен де үміт күткенбіз. Жарыстың алғашқы күнгі бәсекесінде отандастарымыз бар күш-қайратын көрсетті-ақ. Жанбота 77,14 ұпаймен соңғы финалдық сынға бірінші орынмен шыққан-ды. Жібек қарындасымыз 69,89 ұпаймен соңғы төртінші орынға тұрақтаған. Әттеген-айы, Ақмаржан Қалмұрзаева 5-і орында қалып қойды.
1970669 600820000007969 1957461737 nСоңғы шешуші сында жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі анықталды. Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Жібек Арапбаева Универсиада аламанында да күміс жүлдені иеленді. Алдабергенова – қола жүлдегер!
 
Жібектің нәтижесі – 60,84 ұпай, ал Жанбота 60,48 нәтижемен үздік үшінші орынды түйіндеді.
 
Қазақстан құрамасы әзірге 1 күміс, 2 қола жүлдемен төртінші сатыға жайғасты. Қоржынға алтын мен күміс, қола жүлделер сыңғырлап түсе берсін дейміз!
 
Техникалық нәтижелер. Фристайл акробатика.Әйелдер.
1. Юнгжинг Жу (Қытай) – 64,09
2. Жібек Арапбаева (Қазақстан) – 60,84
3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 60,48
 
 
Последнее изменение Понедельник, 30 Январь 2017 10:24
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.