М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 4-ші курс студенті Мейіржан Әбдімәліков өткен жылы қазақ күресінен әлем чемпионатында үшінші орынға иелік етті. Жастар арасында, аса ауыр салмақта белдескен жас дарын әлемдік сайысқа алғаш қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. М.Әбдімәліковтің бүгінде салмағы 145 келі тартады. Болашақта «Қазақстан барысы» турнирінде Шымкент қаласының…
Өткен жылдың соңында қазақ күресінен Астанада өткен әлем чемпионатында шымкенттік балуандардың жеңісі көпшілікті таңдандырды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында әлемнің 40-қа жуық елінен келген 350 спортшы әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Ұлттық спорттың төресі – қазақ күресінің небір сайыпқырандарының өнерін тамашаладық. Осылайша Елорда төрінде кезекті…
Қыс айларында қозғалыстың аздығы қиындық тудырып, белсенділік өмірдің – бір бөлшегі екенін жиі еске аламыз. Мұндайда тығырықтан шығар қарапайым ғана жол – спортпен шұғылдану дер едік. Бүгінгі мақалаға спорттың жаяу жүру, жүгіру, скандинавиялық жүріс секілді түрлерін жанына серік етіп, Shymkent Marathon-ның тұрақты қатысушыларына айналған кейіпкерлерімізді…
Күрес түрлерінен республикалық 6-шы Жазғы Спартакиадасы жаңа есімдерді танытып, спортшыларға жаңа серпін берді. Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен тартысты бәсекелерді тамашаладық. Шымкент қаласының грек-рим күресі балуандары бұл жолы да командалық есепте бірінші орын алды. Бұл бәсекенің жөні бөлек. Спартакиада биылғы Жазғы Азия…
Шымқалада 2016 жылдан бері жақсы бір дәстүр қалыптасқан. Ол – жылда қыркүйек айында өтетін марафон. Бұл дәстүр биыл да жалғасын табады. Жүгіруді күтіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер мен педагогтар, студент жастар, оқушылар, ерекше жандар, шоу бизнес өкілдері, әсіресе спортты жаны сүйетін жандар үшін бұл бір…
Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика манежінде, қазақ күресінен даңқты бапкер, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Керімбекұлы Оңалбектің жүлдесіне арналған ірі халықаралық турнир аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның апайтөс балуандары бақ сынады.
Шымкенттік команда футболдан Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды. «Астана-Аренада» өткен финалда «Ордабасы» «Ақжайық» клубынан 5:4 есебімен басым түсті.
Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 3 жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасындағы бәсекеде Жайна Шекербекова кезекті рет құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Жерлесіміз 2010 жылы елорда төріндегі чемпионатта алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салған болатын. Енді міне, Амман шаршы…
Жеңіл атлетикалық манеж кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шаһарда ұлттық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар қолға алынғанын айтты.