Версия для печати

Жеңіс. Қуаныш. Марапат Избранное

Четверг, 02 Февраль 2017 10:51 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5664 раз
Оцените материал
(0 голосов)
Оңтүстік жұртшылығы Дүниежүзілік Қысқы Универсиададан оралған жеңімпаз ұл-қыздарын зор салтанатпен күтіп алды. Шымкент әуежайында иін тірескен халық. Универсиаданың алтын, күміс, қола жүлделерін мойнына ілген Жанбота Алдабергенова, Бағлан Іңкәрбек, Жібек Арапбаева және бесінші орын иегері Ақмаржан Қалмұрзаеваны жанкүйерлер қаумалай қалды. Алматыға барып, қолдау көрсетіп қайтқан ОҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры Жұмахан Мірхалықов, т.б. жанкүйерлер де бірге жандарында жүр.
 
Бұл жеңістің жөні бөлек, расында. Қарсыз өлкенің өрімдей ұл-қыздары медальдарды саудырлатып қоржынға салғаны көпшілікті таңырқатып жатқаны рас.
16114740 967318953400236 5684974944180481695 nЖеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі қабылдап, құрмет көрсетті.
– Сіздер, сенім үдесінен шығып, абыроймен оралдыңыздар. Бүкіл ел қуанып жатыр. Жеңіске жеткен сәттеріңізде өзім де телефон арқылы сөйлесіп, құттықтадым. Алда әлі Олимпиада, әлем чемпионаттары бар. Сол жарыста да жақсы нәтиже көрсетесіздер деп сенемін. Елбасымыз салауатты өмір салтына жақсы көңіл бөліп отыр. Міне, мұның барлығы спортқа жасалып жатқан қамқорлықтың арқасы. Ендігі кезекте облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшылығына қамқорлықты күшейте беруді міндеттеймін. Жерлестерімізді осынау жарысқа дайындаған Мұрат Шахназарұлына алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде. 
 
Бұдан кейін өңір басшысы спортшыларға қаржылай сый-сыяпаттарын табыс етті. Алтын жүлде иегерлері – Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбеккке 3 млн, күміс жүлдегер Жібек Арапбаеваға 2 млн, спортшылардың жаттықтырушысы Мұрат Аблятифовқа 2 млн теңгенің сертификатын берді. Сондай-ақ, бесінші орын алған Ақмаржан Қалмұрзаеваны да құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
 
Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған спортшылар да өз ризалықтарын жеткізді. Жанбота Алдабергенова келесі Олимпиада ойындарына дайындалатынын айтты. «Шымкент жұртшылығы әрдайым құшағын жая қарсы алады. Бәріңізге рахмет. Трибунада тұрып қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерден қуат алдық. Үмітті ақтадық деп ойлаймын», деп қысқа  қайырды. М. Аблятифов та жасалып жатқан қамқорлыққа алғысын білдіріп, осы жетістіктен төмендемеу үшін жұмыс істейтіндерін жеткізді. 
 
Жансейіт Қансейітұлы спортшылармен естелік суретке түсіп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.
 
Азиада ойындарының арқасында... медальге жеттік
 
2018 жылғы Олимпиада ойындары қыр астында тұр. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы  Әлібек Нұртаевосы байрақты бәсекеде жүлде алуды жоспарлап отырғанын айтады. Өсіп келе жатқан жас спортшыларымызға қолдау күшейе бермек. Жүлде алу керек деген сөз бекер айтылып отырған жоқ. Өйткені, Арапбаева 2, Алдабергенова мен Іңкәрбек 1 рет Олимпиадаға қатысты. Әлібек Нұрбайұлының өзі Сочиге барып, қолдау көрсетіп қайтқан-ды.
16422381 667144873447305 6316672870694050189 oҚазіргі таңда қысқы спорт түрі елімізде жақсы дамып келе жатыр.
– Өздеріңіз білесіздер, Оңтүстікте негізінен жазғы Олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріліп келді. Біз сараптама жасап, Универсиада өтетінін ескере келе, 5-6 жыл бұрын өзіміздің акробаттарымызды, батутта секірушілерді фристайл спортына іріктедік. Жоспарлы түрде жұмыс істелінді. Мамандармен ақылдаса келе, фристайл спортын дамытуға күш салдық. Осындай бірлескен жұмыстың арқасында нәтиже көріп отырмыз.  Еуропа кубогының этаптарына қатысып, тәжірибені жинақтау нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткізіп жатырмыз. Облыс басшылығына алғыс ымыз зор.  Бізге тиісті қаржы бөлінуде.  Спортшылар жұмсалған қаржыны ақтады, – дейді басқарма басшысы.
 
Алматыға аттанған бес спортшының бәрі де Шымкент қалалық №8 спорт мектебінің шәкірттері. Бәрі де Еуропа кубоктарында жүлде салып, тәжірибе толыстырған. Ендігі мақсат – 2018 жылы Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына  жолдама алу. 
 
Жанбота айтады: «Жарыс қиын болды. Бірінші күні алтыннан айырылып қалдым. Екінші күнгі ауа райы қолайсыз еді. Дегенмен, бапкерлердің ақыл-кеңесін тыңдап, жеңіске жеттік. Бұл спортпен 2011 жылғы Азия ойындарынан кейін айналысамын деп шештім. Нәтиже көп күттірген жоқ».
16388091 970663053069185 7491207752625312892 nЖібек айтады: «Негізінен, үштікке ілінсем деген жоспарым бар еді. Құдай қолдап, екінші орын алдым. Спортшылар қалашығындағы дәрігерлер ем-дом жасап, қатарға қосты. Соларға рахмет.  Бұған дейін спортты қойсам ба деп жүргенмін. Кешегі жеңіс маған жаңа серпіліс берді. Алған медаль қанат бітірді. Алда Мәскеу, Минск қалаларында жарыс, оқу-жаттығу жиындары өтеді. Енді Олимпиада ойындарына қатысу үшін бал жинауымыз керек. Үздік 25 тізімге ілінсек, барамыз».
16425718 970663059735851 377254750860226106 nАлла нәсіп етсе, спортшылар 6-шы ақпан күні жолға шығады. Алдымен Кореядағы әлем кубогы этаптарына қатысады. Одан кейін наурызда Испанияда өтетін әлем чемпионаты да үлкен сынның бірі. Сондықтан, дайындық жұмыстарына ертерек кірісу керек. 
16425909 667145140113945 728829485874449931 n
Последнее изменение Пятница, 03 Февраль 2017 03:33
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.