Сайыстың сегізінші күні 100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде германялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс жүлдеге ие болды.
Паралимпиада ойындарының тоғызыншы күнінде Зульфия Габидуллина S4 санатында еркін стильде 50 метрге жүзу бойынша іріктеуде 8-ші болып, финалға шықты.
Зульфия Рио Паралимпиадасында S3 санаты бойынша қатысып, топ жарған болатын. 2019 жылы халықаралық классификаторлар оны физикалық тұрғыдан қимылы ілгеріледі деп, S4 санатына ауыстырды.
Айта кетейік, қазақстандық паралимпиадашылар Токиода бесінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін пауэрлифтингтер Давид Дегтярев алтын алса, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленді.