1999 жылдан бастап осы салада жүрген Света Шерелханқызы, әріптестерінің айтуынша, осы уақыт ішінде ұжымда өзін іскерлік беделі бар кәсіби, сауатты көшбасшы ретінде көрсетіп келеді. «Қазақтелеком» АҚ-ның «Құрметті байланысшы» марапатының иегері атанған маман өзінің қызметтік міндетінен бөлек жастарды тәрбиелеу, машыққа баулу жолында аянбай тер төгіп келеді. Осыған орай компанияның персоналды басқару жөніндегі директорының тәлімгер сертификатын алған.
Бұған қоса, бірнеше рет Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының, мәслихаттың және облыс, Тараз және Шымкент қалалары әкімдерінің Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған. Света Жұмашева ақыл-кеңес берумен қоса, шәкірттеріне тікелей өзінің жұмысы арқылы үлгі болғанды жаны қалайды. Сондықтан, ұжымдастары арасында беделге ие.