5 АУДАННЫҢ МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ ЕНГІЗІЛУДЕ Избранное

Пятница, 27 Январь 2023 09:41 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2073 раз

Үшінші мегаполисте өткен жылдың соңында жаңа Тұран ауданы құрылған болатын. Осыған байланысты бүгінде 5 ауданның шекарасы нақтыланып, әр аудандағы мекенжайлар «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тиісті өзгертулер бойынша енгізілуде.

68

 

Бүгінгі таңда қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, олар – Бозарық, Бозарық-2, Бозарық-3, Асар-2 шағынаудандары. Ал әкімшілік-іскерлік орталықтың егжей-тегжей жоспарлау жобасына сәйкес, 481,1 га аумаққа әкімшілік, көп салалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көп қабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда.
Мегаполистің солтүстік-батыс бөлігіндегі Шымкент-Сити шағынауданының егжей-тегжей жоспарлау жобасы бойынша 576 га аумаққа инфрақұрылым жүргізіліп, құрылыс нысандары салынуда. Сонымен қатар, Солтүстік-шығыс бөлігінің (Тұран шағынауданы) егжей-тегжей жоспарлау жобасы бойынша (1051 га) үйлер аумағына инженерлік жүйелер мен көп қабатты үйлердің құрылысы салынып, игерілуде.
Айта кетейік, Шымкенттің жаңа бас жоспары биылғы жазда бекітіледі деп күтілуде. Ал қазіргі қолданыстағы бас жоспар 2012 жылы бекітілген. Оның негізінде қала аумағында 70 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысымен бекітілген.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.