Версия для печати

Дархан Қыдырәлі шымкенттік тілшілермен жүздесті Избранное

Среда, 21 Ноябрь 2018 04:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2672 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстікке іс-сапармен келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі шымкенттік журналистермен кездесті. Қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасына жиналғандар «Жаңа медиадағы газеттің бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбын жан жақты талқылады.

103

 

Еркін форматта өткен бейресми басқосуда Дархан Қуандықұлы «Егемен» газетінің жағдайын шетелдік басылымдармен ұштастыра баяндады. Оқырманға сенімді ақпарат таратуда алар орны бар салмақты басылымның алдағы жоспарларымен бөлісті.
Дархан Қыдырәлі айтқан жаңалық - нарық заманындағы сұранысқа сай газеттің электронды нұсқасымен қоса алдағы уақытта сайтында видеоконтент те пайда болады.
Онда тілшілер шетелдік ақпараттарға шолу жасамақ. Жиын барысында жас журналистерді латын графикасында көлемді мақалалар басып шығару, салалық журналистика, авторлық құқық мәселелері қызықтырды. Дархан Қыдырәлі тұщымды жауаптар беріп, тілшілерді еліміздің басты газетіне өздерінің мақалаларын жіберуге шақырды.

Последнее изменение Среда, 21 Ноябрь 2018 08:07