«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес, Шымкент қаласының сайлау комиссиясының шешімімен 2019 жылғы 24 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде келесі азаматтар тіркелді:
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жылы |
Атқаратын қызметі (кәсібі), жұмыс орны, ұсыну тәртібі (кім ұсынды) |
Капбарова Айгуль Жарылкасыновна |
1975 ж. |
«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің директоры – бас редакторы. Шымкент қаласының тұрғыны. |
Искандерова Рамиля Рафкатовна |
1984 ж. |
№45 мектеп-гимназиясының директоры. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. |
Сатвалдиев Алишер Гапиржанович |
1984 ж. |
«Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. |
Тіркелген кандидаттарға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың тиісті куәліктері беріліп, олар сайлау бюллетеніне енгізілді.
Шымкент қаласының сайлау комиссиясы