Жарақаттық шоктың алдын алыңыз

Пятница, 17 Май 2024 07:47 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 855 раз

Жарақаттық шок – жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды.

Жарақаттық шок – бұл ауыр түрдегі аурудың жіті кезеңінің бipiншi сатысы. Оның өзіндік жүйке рефлекторлы және тамырлық реакциясы ағзадағы қан, тыныс алу, зат алмасу және эндокриндік бездер функциясының (қызметінің) бұзылуына әкеледі. Яғни, жарақаттық шокты тудырушы механизмдерін ауырсыну және афференттік импульсация, жедел массивті қан жоғалту, өмірге қажет ағзалардың жарақаттануы. психикалық стресстер алуы мүмкін. Шоктың пайда болуындағы нeгiзгi тітіркендіргіштеріне әртүрлі механикалық әсерлердің жүйке элементіне әсер eтуi, жүйкенің зақымдалуы, тіндердің бұзылуы және қан кету жатады.

Тоңу, ашығу, авитаминоз, алиментарлы, психикалық шаршау, эмоционалдық күйзеліс, жіті және созылмалы аурулар – шокқа әкелетін негізгі факторлар. Шокқа тән симптомдарға суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері, қан айналымының бірден төмендеуі (ақырын айналуы), есеңгіреу, диспноэ, олигурия, тахикардия, АҚҚ және пульстін төмендеуі жатады.

Жарақаттық шоктың дамуында 2 фазаны ажыратады: Эректильді фазасы көбінесе жарақаттан кейін басталады және қан айналымның орталықтану фонында науқастың айқын психомоторлы қозуымен (тітіркенуден) сипатталады. Науқастың ic-қозғалысы түсініксіз болуы мүмкін, көзінде елестеулер болуы мүмкін, эйфориялы, peтciз әрекеттер жасап, өз-өзін ұстай алмайды, тексеруге және көмек керсетуге қарсы болады. Олармен қарым-қатынаста болу қиындықтар тудырады. Қан қысымы бұл кезде қалыпты болуы мүмкін немесе қалыптыға жақын. Жарақат түpiнe байланысты тыныс алудың әртүрлі бұзылыстары болуы мүмкін.

                                                                        

А.ЖҰРЫМБАЙ,
Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар
министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ-нің Шымкент қаласы
бойынша филиалының фельдшері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.