Версия для печати

Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл

Пятница, 22 Июнь 2018 05:15 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3271 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына  20 жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасы қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады. Осы жолда атқарылған істердің дерлігі маңызды әрі қуантарлық күйде екені айтпасада белгілі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері аталған салада бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілерге саяси рефорлармен жүктелген міндеттерін кәсіби дең­­гейде атқарып, еліміздің тә­­уелсіз, де­мо­­кра­тиялық егеменді мем­лекетке айналуына үлкен септіктерін тигізді. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті. Көрсетілген жұмысты жалғастыру мақсатында ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін жоғарғы деңгейде арттыру қажет. Өйткені елеміздің өркендеуі мен дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, патриоттық сезіміне және білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап ететіні тағы бар.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі мемлекеттік қызмет саласымен тығыз байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы қажет.

И.Е. Рахманберді
 
Ұйымдастыру-құқықтық
жұмыстар бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.