Редакция таңдауы

Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында апатты және тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру жалғасып жатыр.

Былтыр басталған реновация бағдарламасына сай Еңбекші ауданы, МПС көшесіндегі №9 үйдің тұрғындары – 8 отбасы Green City тұрғын үй кешенінен жаңа баспанаға көшті. Оларға жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қоныс тойымен құттықтаған шаһар басшысы бұл өзгерістер қаланың көркеюіне және тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, реновация бағдарламасы аясында тұрғындарға жаңа ғимараттан ұсынылған баспана бұрынғы пәтерлерімен бірдей көлемде беріледі. Сонымен қатар, тұрғын үйлер толық дайын күйінде тапсырылады. Бұл бастама нәтижесінде Көксай шағын ауданында өткен жылдан бері 22 отбасының тұрмыс жағдайы жақсарды.
Шымкент қаласы әкімдігінің бұл бастамасы қаланың инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында маңызды қадам болып отыр.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Соңғы жаңалықтар