Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған. Сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтиды.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі. Электронды нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
Демек азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ(электронды цифрлы қолтаңба) Электронды үкімет порталы арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.
Денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесі және басқа мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне интеграцияланған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, соттың заңды күшіне енген шешімдері, үкімдері мен ұйғарымдары туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, ел аумағында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда Kaspi.kz, Halyk қосымшасында азаматтық хал актілерін тркеуге өтінім беру қосылған. Өтінімде толық деректерін толтыру қажет.
Осылайша электронды нысандағы құжат жұмсалатын шығындармен уақытты қысқартады, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді, жоғалту қаупін азайтады.
Дина БОТАН,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық
емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің басшысы