Қазіргі уақытта сатып алушыларға парфюмерлік және косметикалық өнімдердің әртүрлі брендтерінің өте кең ассортименті ұсынылады.
Парфюмерлік-косметикалық өнім – адам ағзасының әртүрлі бөліктерін (тері, шаш, тырнақ, тіс, ерін, ауыз қуысының шырышты қабығын) тазарту, жағымды иіс беру, сыртқы түрін өзгерту, қорғау және жақсы күйде ұстау мақсатымен қолдануға арналған препарат немесе заттар.
Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің құрамына, физика-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштеріне және таңбалауына қойылатын талаптарды Кеден Одағының 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті белгілейді.
Өкінішке орай, парфюмерлік және косметикалық өнімдерді сатып алу кезінде тұтынушыларды алдау жағдайлары жиі кездеседі.
Осындай жағымсыз салдарды болдырмау үшін парфюмерлік және косметикалық өнімдерді сатып алу кезінде таңбалауға аса назар аудару керек.
Кеден Одағының 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес таңбалауда келесі ақпарат болуы тиіс:
— өнімнің атауы;
— парфюмерлік-косметикалық өнімдердің мақсаты (егер бұл өнім атауынан шықпаса), ал балаларға арналған косметиканың таңбалауында тиісті ақпарат; — дайындаушының атауы және оның орналасқан жері (елді қоса алғанда, заңды мекенжайы);
— шыққан елі;
— дайындаушы Кеден Одағына мүше мемлекеттің аумағындағы талаптарды өзі қабылдамаған жағдайда, дайындаушы тұтынушыдан шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген ұйымның атауы және орналасқан жері (дайындаушының уәкілетті өкілі немесе импорттаушы);
— тұтыну ыдысындағы өнімнің номиналды саны (көлемі, салмағы, дана) ;
— жарамдылық мерзімі, сақтау шарттарының сипаттамасы;
— арнайы сақтық шаралары;
— партияны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы коды;
— қолдану тәсілдері туралы мәліметтер (олардың болмауы тұтынушының парфюмерлік-косметикалық өнімдерді дұрыс пайдаланбауына әкелуі мүмкін);
— ингредиенттер тізімі.
Жоғарыда айтылғандарды есте сақтай отырып, денсаулыққа зиян келтірмейтін сапалы өнім сатып алуды ұсынамыз!
А. Ахметов — Шымкент қаласының
СЭБД басшы орынбасары