Редакция таңдауы

Халықаралық қысқы мектеп басталды: «Қазіргі әлемдегі тіл және медиа: дәстүрден инновацияға»

2025 жылдың 03 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Филология» факультеті, «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасында халықаралық қысқы мектептің ашылу салтанаты өтті. Биылғы қысқы мектеп 03 ақпаннан 14 ақпан аралығын қамтиды. Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі. 2025 жылдың 03-ақпанынан бастап «Филология» факультеті, «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы «Қазіргі әлемдегі тіл және медиа: дәстүрден инновацияға»  тақырыбында Халықаралық «Қысқы мектеп» өз жұмысын сәтті бастады. Алдымен «Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент  Ә.О.Ыбырайым құттықтау сөз сөйледі. «Қысқы мектепте» қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар ZOOM платформасында онлайн форматта, «Қазіргі әлемдегі тіл және медиа: дәстүрден инновацияға»  қатысты баяндамаларын жасауда. Спикерлер негізгі проблемалық бағыттар бойынша зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын ұсынуда.

Бұл шара медиа мамандарын, ғалымдарды және студенттерді бір алаңда біріктіріп, заманауи әлемдегі тіл және медианың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Халықаралық қысқы мектептің басты мақсаты – қатысушыларға заманауи журналистиканың жаңа әдістері мен трендтері бойынша терең білім беру, медиа және тіл саласындағы халықаралық тәжірибемен бөлісу және кәсіби деңгейін арттыру. Бағдарлама аясында шетелдік және отандық жетекші мамандар, журналистер, профессорлар мен медиа саласының сарапшылары қатысады. Мұндай қысқы мектептер журналистика саласының болашақ мамандары үшін үлкен мүмкіндік, себебі олар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға да мүмкіндік алады. Қатысушылар тарапы өз ризашылықтарын білдіріліп жатыр.

«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы

Соңғы жаңалықтар