КИНОТУЫНДЫ ЖАСТАР КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ Избранное

Пятница, 16 Февраль 2024 09:18 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 818 раз

Қаладағы «Shymkent Plaza» сауда орталығында MILLION командасының жобасы – «Zhezduha» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті. Фильмді тамашалауға қала тұрғындары, жастар көптеп жиналды. Олардың арасында аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов, бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан сынды танымал жастар болды.

million

 

Аталған фильм MILLION командасы мүшелерінің идеясынан туған. Команда жетекшісі Қанат Тасханның айтуынша, киноның 30 пайызы Шымкент қаласында, 70 пайызы Шығыс Қазақстан өңірінде түсірілген. Фильм желісі ана тілімізді дәріптеу, ата-ананы сыйлау, ағайын-туыстардың бірлігі сынды мәселелерді арқау еткен. Рөлдерде тәжірибелі актерлер – Сафуан Шаймерденов, Салтанат Серкебаева, MILLION командасының мүшелері және тағы басқа өнер жұлдыздары ойнайды.
Жоба 2023 жылдың күзінде түсірілген. Фильмге шамамен 178 млн. теңге жұмсалыпты. Команда мүшелері аталған жобаға кәсіпкерлер демеушілік еткенін, өнердегі әріптестерінің қолдау көрсеткенін атап өтіп, жомарт азаматтарға алғыстарын жеткізді.
Толықметражды кинофильм 15 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде. Қоғамдық мәселелерді ащы әзілмен жеткізген фильм тұрғындарға, жастарға керемет әсер сыйлады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.