Тарихыңды танып, тұлғаңды құрметте
Пятница, 17 Сентябрь 2021 04:08Шымшаһардағы білім беру мекемелерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар жалғасуда. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқушылар арасында да тәуелсіздік ұғымы насихатталып, оның тарихи алғышарттары мен саяси көрінісі түсіндірілді.
Әр ауданға – бір орталық!
Среда, 15 Сентябрь 2021 04:54Шымшаһарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы кең көлемде тойлануда. Айтулы жыл аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен үш ауданда жастарға арналған орталықтар пайдалануға берілді.
ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА – ҚОС ЖҮЛДЕ
Среда, 15 Сентябрь 2021 04:51Шымкентте нысана көздеуден Азия біріншілігі өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды.
Даулы мәселенің нүктесін қойды
Среда, 15 Сентябрь 2021 04:49Шатырынан өткен су жертөлеге бір-ақ жеткен Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданындағы №130 көпқабатты үйдің тұрғындарының мәселесімен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов арнайы тыңдап қайтты. Халық қалаулысына базынасын айтқан тұрғындар көпқабатты үй апатты жағдайда екенін жеткізді.
#18 БАЛАБАҚШАДАН МЕКТЕПКЕ: Шымкент мектепке дейінгі біліммен қамтуда көш бастады
Среда, 15 Сентябрь 2021 04:35Шымкентте бүгінде әрбір он бес минут сайын бір сәби дүние есігін ашады екен. Ал бала саны артса білім беру мекемелерінің де көбейетіні заңдылық. Дегенмен Шымшаһар демографиялық дүмпуге қарамастан балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етуде елімізде көш бастап тұр. Осыған орай мегаполисте тәуелсіздік алған жылдары мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетістіктер қандай еді? Тақырыпты тарқатып көрдік.
ІТ саласында озық ойлы кадрлар даярлау міндеті тұр
Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:39Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында IT-секторды күшейтуді тапсырды. Бұл ретте Президент цифрландыру жобасы аясында 100 мың білікті IT-маманды даярлау жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Ал Мемлекет басшысы жүктеген мәселені шешуге еліміздегі жоғары оқу орындарының қауқары жете ме? Үшінші мегаполисте ақпараттық технология мамандары қалай даярланып жатыр? Біздегі білім халықаралық нарық талабына сай келе ме? Студенттер өндіріске қалай араласып жүр? Бұл сауалдарға М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің өкілдері жауап берді.
Бедел биігіндегі отыз жыл
Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:37Шымкенттік оқушыларға тәуелсіздік тағылымынан дәріс оқылады. Қала мектептерінде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі.
Жастар донор болуда белсенді
Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:31Қаламызда Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы жалғасын табуда. Қалалық жастар ресурстық орталығының бастамасымен аталған шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.