Әр ауданға – бір орталық! Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2022 раз

Шымшаһарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы кең көлемде тойлануда. Айтулы жыл аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен үш ауданда жастарға арналған орталықтар пайдалануға берілді.

736

 

Шаһар басшысының қатысуымен жастар ресурстық орталығының Қаратау аудандық бөлімшесі салтанатты түрде ашылды.
Жаңа орталықпен танысып көрген қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы аудан жастарын заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады.
– Республикалық статусқа ие болғалы қаламыз жан-жақты дамып келеді. Шаһардағы халықтың орташа жасы 28-ді құрайды. Бұл – Шымкентті жастар қаласы деуге болады деген сөз. Ал жастарға заманауи орталықтар қажет. Жалпы енді мұның бәрі мемлекетіміздің жастарға деген қолдауы. Бүгінгі жастар – еліміздің іргетасы. Соларға білім беру, жағдай жасау, жаңа заманауи орталықтарды ашу – мемлекетіміздің басты бағдарламалары, басты бағыттары болып табылады, - деді қала әкімі.
Мұнан соң, шаһар басшысы «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовтың ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Ал қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаевтың айтуынша, жастардың игілігі үшін пайдалануға беріліп отырған орталық бір мезетте 50-100 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. 5 бағыт бойынша жұмыс жасайтын бөлімшеде жастарға қызмет көрсетуден бастап, олардың арасындағы таланттыларын қолдауға да мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа нысанда коворкинг орталығы, шағын кітапхана, психологиялық кеңес беру бөлмесі де бар. Психолог-медиаторлар жастармен жұмыс істеу мақсатында арнайы жинақтар дайындаған.
Сондай-ақ, мұнда қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған мүмкіндіктер және қалада жүргізіліп жатқан реформалар, жас отбасылар арасында ажырасудың алдын алу, NEET санатындағы жастармен жұмыс, анонимді психологиялық көмек көрсету, жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, әдістемелік көмек көрсету туралы кеңестер өткізіледі.