Версия для печати

Арнайы жобаны жүзеге асыруда Избранное

Пятница, 14 Октябрь 2016 04:53 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3717 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Астана ЭКСПО-2017» National Geographic-пен бірге арнайы жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Ілгерілету және туризм департаментінің директор орынбасары Роза Асанбаева, National Geographic Traveler бас редакторы Ольга Яковина және Ілгерілету және туризм департаментінің бас менеджері Даниел Сержанұлының қатысуымен болған баспасөз мәслихатында белгілі болды.

– Халықаралық National Geographic Travel Awards жүлдесі өзіндік туризм саласының Оскары болып табылады. Биыл жүлде серіктесі Қазақстанның "ЭКСПО-2017" компаниясы атанды. Қазақстан бүгінде мейлінше әлеуеті зор бағыт. Оған деген қызығушылық күн арта өсуде. Сондықтан біз халықаралық, ресейлік туризм мен саяхат туралы жетекші басылым ретінде оған назар аудармай тұра алмадық, - дейді «National Geographic Traveler» бас редакторы Ольга Яковина.

Арнайы жобада «Қазақстан – жаңа ашылым уақыты», екіншісі – «Қазақстан – болашақ энергиясы» атты екі байқау қарастырылған.

«Қазақстан – жаңа ашылым уақыты» маршруттар байқауы 8 қыркүйек пен 6 қараша аралығында өткізілуде. Қатысамын деушілер nat-geo.ru сайтына Қазақстанның көрікті жерлері туралы өз оқиғаларын жолдауларына болады. Қазіргі күннің өзінде 26 өтінім берілді. Бас жүлде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне жолдама алады. Әрі ол 17 қараша күні Мәскеу қаласында өткізілетін National Geographic Traveler Awards 2016 салтанатты шарасында табыс етіледі.

Последнее изменение Пятница, 14 Октябрь 2016 05:39
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.