Версия для печати

Фермерлік фестиваль өтеді

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 907 раз
Оцените материал
(0 голосов)

24-25 қыркүйек аралығында «BAQYT» сауда алаңында «Shymkent Urban Farm Festival» атты бірінші қалалық фермерлік фестиваль өтеді.

 

Бұл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сүт және ет өнімдері, кептірілген, мұздатылған балық, балдың түрлері, көкөністер мен жемістер, ірімшік, кондитерлік өнімдер ұсынылады. Сондай-ақ, тамақ дайындауға арналған фуд-корттарды да тамашалауға болады.
Келушілер үйге қажет табиғи өнімдерді сатып алу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерімен тікелей келісуге және бүкіл отбасымен
аралауға мүмкіндік алады.
Экологиялық таза өнімдерді алғыңыз келсе, 24-25 қыркүйек аралығында өтетін фермерлік фестивальге келіңіздер! Фестиваль уақыты – 10:00 мден 20:00 аралығы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.