Бұл аймақ тоқыма, химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң саналады.
Өндірістік пул 65 жобадан тұрады. Онда 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы инвестиция сомасы 58,7 млрд теңгеге 39 жоба іске асып, 1 984 жұмыс орны ашылған.
Өндіріс алаңына инфрақұрылым жүргізіп, жағдай жасау үшін бюджеттен 8,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде өнімдерді дамыту үшін қазір 22-ден астам инфрақұрылым нысаны салынды.
Министр аралау барысында «Оңтүстік» АЭА кеден бекетінің бақылау-өткізу пунктімен де танысты.
Сонымен қатар, Мәди Тақиев мегаполиске арнайы жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен және «Бал Текстиль» ЖШС өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, халық пен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі