СОТ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 03 Февраль 2023 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 919 раз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылды қорытындылап, баспасөз мәжілісін өткізді. Өткен жылы ауданаралық сотында 72 тұлғаға қатысты 58 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. Соттың төрағасы Әбдсаттар Шахидиновтың сөзінше, сот өндірісіне келіп түскен істің 77,7 пайызы шешім қабылдаумен аяқталған.

810

 

–Сот өндірісіне 25 іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1,2 бөліктері бойынша қасақана адам өлтіру, 20 іс кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, есірткі заттарының айналымы жөнінде - 17 іс, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты - 2 іс және жасөспірім саудасы мен адам ұрлығы бойынша 6 - іс болды. Әрбір судьяға шаққанда сотта аяқталған істердің орташа айлық жүктеме 3,5 істі құрайды, - деді Ә.Шахидинов.
Аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша 51 тұлға сот үкімімен кінәлі деп танылып, оның 50-іне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бір сотталушы кәмелеттік жасқа толмауына байланысты, Қылмыстық Кодекстің 4 бөлігіне сәйкес бас бостандығы шектелген.
Ауыр санаттағы қылмыстық істерде 15 тұлға айыпты деп танылып, 12-сі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған, 3 тұлғаның бас бостандығы шектелген.