ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗДІ Избранное

Среда, 06 Сентябрь 2023 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 599 раз

Шымкент медицинасында қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұрғындар үшін медицинаға қолжетімділікті арттыруда үлкен жобалар іске асуда. Соның бірі – Шымкент қалалық №6 емхана базасында дәрігерлер халықпен байланысты күшейтудің жаңа моделімен жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, қаңтар айынан бастап емхана базасында GPS навигациясы іске қосылған.

253

 

Аталған емханада 60 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Дәрігерлер бұл цифрлы жүйе халықтан келіп түсетін өтініш-шағымдардың санын азайтып, бала өлімін болдырмау, медициналық көмекті өз деңгейінде көрсетуге, тіпті, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға оң ықпалын тигізеді, – дейді.
– Емханада мамыр айынан бастап үздік озық тәжірибелік орталығына көшу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта аймақтық медбикелерге Әмбебап прогрессивті патронаж моделін толық енгізуде GPS навигациясы іске қосылды. Бұл мақсатта 38 медбике қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Бұл жүйенің басты мақсаты – аймақтық медбикелер аула аралау кезінде 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүгізеді, динамикалық бақылауда тұратын азаматтарды жоспарлы профилактикалық тексеруге шақыруды қамтамасыз етеді.
Егер пациенттер арасында шұғыл медициналық көмек туындаған жағдайда GPS навигациясының батырмасын басу арқылы бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің сымтетіктеріне шақырту келіп түседі. Келіп түскен шақыртуға дер кезінде қажетті медициналық көмек беріледі, – дейді Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ұлбала Ерғалиқызы.
Аталған жүйеге 40-қа жуық медбике атсалысады. Құрылғы арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайлары көрінеді, пациент туралы ақпараттарды да жүйе арқылы көруге болады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.