Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді.
Ғабит Әбдімәжитұлы қала кезекті аралау барысында Людмила Панкратоваға жаңа үйдің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтап, қарияға зор денсаулық пен амандық тіледі.
Айта кетейік, жаңа үй демеушілер есебінен салынды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі