ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 10 Апрель 2024 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 149 раз

Шымкентте Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті.

elektr

 

Құрылысты бас мердігер “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, 5 айда аяқтады. Жоба құны — 1 109,4 млн. теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде 1 дана РП 10КВ, 11 дана КТПН 10/0,4 электр қондырғыларының құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда аталған мекенжайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатын тұтынуға мүмкіндік алды.
Шағынаудан тұрғындары (1110 үй) осыған дейін жекеменшік электр жүйесін пайдаланып келген болатын. Енді оларға мемлекеттік жүйеге қосылуға жағдай жасалып отыр.
Айта кетейік, 2024-2025 жылдары елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Құрсай, Сәуле, Асар-2, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.