АТЫРАУҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ Избранное

Среда, 10 Апрель 2024 05:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 157 раз

Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы 6 сәуірде 10 миллион теңгеге 20 тонна гуманитарлық көмектің алғашқы легін Атырауға жөнелтті. Көмек жинауға арналған қайырымдылық шарасы «Жүректен – жүрекке» акциясының аясында қолға алынған. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмектің 20 тонналық екінші партиясы жөнелтуге дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

Komek

 

Шымкент қалалық ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіпкерлер екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, 20 тоннаға жуық көмек жинады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдері, киім-кешек, тұрмыстық химия, гигиеналық заттар, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек ұйымдастырылды.
– Еліміздегі жағдайға байланысты қалалық ҚХА жанынан арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Гуманитарлық көмекке қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер атсалысты. Мемлекет басшысы да жағдайға байланысты Үндеуін жариялады. Біздің күшіміз – бірлікте! Қиындықты баршамыз бірлесе еңсереміз, – деді Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев.
Жоба аясында «Ассамблея жастары» ұйымы, еріктілер мен ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнайы көмек көрсетеді.
Бүгінгі таңда көмек қорын қабылдайтын екі орталық «нон-стоп» режимде жұмыс істеп тұр.
Біріншісі, ҚХА Достық үйі базасында, Желтоқсан 9/4;
Екіншісі, «Арай» ЖШС аумағында, Тассай ықшам ауданы, 226, 353 квартал.
Айта кетейік, Шымкент қаласының әрбір тұрғыны көрсетілген мекен-жайларға азық-түлік, киім-кешек және өзге де тұтынуға қажетті заттарды өткізе алады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.