ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚОРҒАНУДЫ ПЫСЫҚТАДЫ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 378 раз

3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. 3 маусым күні жергілікті уақытпен 16:00-де қала әкімдігінде жер сілкінісіне дайындық мәселелері бойынша оқу-жаттығу іс-шарасы өтті.

JerSil

 

Іс-шарада жер сілкінісі орын алған жағдайда азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі даярлықтары пысықталды.
Сағат 16:00-де қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылып, негізгі оқу-жаттығудың бірі қала әкімдігі ғимаратында өтті. Қызметкерлерді дер кезінде қауіпсіз жерге шығару және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Зардап шеккен 1 адамға медициналық көмек көрсетілді. Оқу-жаттығуға жалпы ТЖД қызметтерінен 8 техника жұмылдырылды.
Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзевтің айтуынша, практикалық іс-шаралар қалада бір мезетте әлеуметтік нысандарда, көпшілік орындарда жүргізілді.
Аталмыш іс-шарада республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимылдарды пысықтады. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған лагерьлер құрылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « 39 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ Хабарландыру »