Шымкент қаласы Абай ауданының сот орындаушылар бөлімі 1 наурыз - алғыс айту күнінде қайырымды іс жасауға өз үлестерін қосты. Сот орындаушылары қаладағы көпбалалы Кенжебековтер отбасына қонаққа барып, балаларға мектепке қажетті құралдар мен киім-кешек сыйлады. Бұған қоса тәттілер тарту етті.
- Алғыс айту күнімен қатар 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесінде де ұжымымызбен бірлесе отырып, көпбалалы әрі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына көмек беруді мақсат еттік. Балаларға да қуаныш сыйлағымыз келді, - дейді Абай аудандық сот орындаушылары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Индира Досанбаева.
Ал Кенжебековтер отбасы мереке алдында жасалған ізгі іске ұйытқы болған ұжымға алғысын білдірді.