Қала тұрғындары несие рәсімдеу, жер дауы, алимент өндіру мәселелері бойынша адвокаттардың кеңесіне жүгінді.
– «ҚР Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 19-бабында кешенді әлеуметтік қызмет көрсету деген тармағы бар. Яғни, соғыс ардагерлері, І, ІІ топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасы мүшелеріне тегін заңгерлік көмек көрсетуіміз тиіс. Қарапайым халық өз құқықтары мен мүдделерін біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз оларға тиісті кеңес берудеміз - деді Шымкент қалалық Адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймұратов.
Тегін заңгерлік кеңес алуға келген біраз адамды сөзге тартқан болатынбыз. Қаратау ауданының тұрғыны Алма Әліпбаева шешуін таба алмай жүрген сұрақтарға жауап алғанын айтты. «Мен мұрагерлік мәселесі бойынша кеңес алуға келдім. Отағасы қайтыс болып кетті. Балаларым «үйді біздің атымызға жазсаңыз» деген соң адвокатпен кеңесіп, көкейімдегі сұраққа жауап алдым», - дейді қала тұрғыны.
«Адвокат кеңес береді» акциясы 16.00-ге дейін жалғасты.