Осыған орай Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақ алаңында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жетістікке жеткен 9 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 2020 жылғы жас түлектері онлайн-режимде оқуды бітіріп, алғашқы арнаулы атақтарын да алды.
Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов сөз сөйлеп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірінші кезекте өз міндеттерін абыроймен атқаратынын айтты. Олардың жұмысын бағалап, ҚР ІІМ ТЖ комитеті тарапынан Алғыс хаттар табыстады.