Версия для печати

«Қаланы өз өнімімізбен қамтамасыз етуіміз керек» Избранное

Пятница, 02 Апрель 2021 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 904 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте соңғы жылдары өндіріс саласы қарқынды даму үстінде. Осы аптада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тассай» индустриалды аймағында жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарын аралап көрді.

558

 

Солардың бірі – дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС-і. Зауыт жылына 300 дана дизельді генератор өндіреді. Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асқан. Құны – 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.
Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.
Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажет екенін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.
Сондай-ақ, қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы «КАЗТЕХНИКАС» ЖШС кәсіпорнына да барды. Мұнда жарықдиодты шамдар өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1,5 гектар жер бөлінген. Құны 500 миллион теңгені құрайтын бұл жоба 2020 жылы бастау алып, биыл іске қосылды. Қазір мекемеде 25 жұмысшы бар. Зауыт жылына 20 мың дана жарықдиодты шам өндіруге қауқарлы. Шамдар өндірілгеннен кейін су ішінде 5 минут тұрады да, кейіннен іске қосу арқылы тексеріледі екен. Яғни суға төзімділігі анықталып барып, сатылымға шығарылады. Сонымен қатар, мұнда темір сөрелер де жасалады.
– Шымкентте кәсібін бастаймын дегендерге мүмкіндік көп. Қаншама мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Зауыт, фабрика ашам деп ниет білдіргендерді қолдауға әрдайым дайынбыз. Себебі қаланы өз өнімімен қамтамасыз етіп, отандық өнім ретінде шетелге де танытуымыз қажет. Осы арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтере аламыз. Мына диодты шамдарды қала көшелерінің барлығына, әсіресе тұрғындар көптеп жүретін саябақ, аллеяларға қою керек. Әрі жарық, әрі экономды болмақ. Осы орайда жергілікті құрылыс компанияларын бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді Мұрат Әйтенов.
Өндіріс орны алдағы уақытта мемлекеттік қолдау арқылы өнім көлемін ұлғайтып, экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.