Версия для печати

Шағынаудандардың инфрақұрылым мәселесі – өзекті Избранное

Среда, 01 Сентябрь 2021 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1409 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі қала әкімі М.Әйтеновтің басты назарында. Бүгінде шеткі шағынаудандардың инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы аясында бүгінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

714

 

Апатты көпір қайта құрылды

Еңбекші ауданындағы апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін көпір қайта құрылып, пайдалануға берілді. Қолданыстағы бұл көпір 1993 жылдары салынған. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді.
Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында «Текесу» каналынан өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігі айтылып, тұрғындар көпірді қалпына келтіріп беруді айтқан болатын.

Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Текесу» каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалып отыр.
Ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жоспарда бар. Аудан әкімі тұрғындардың өтініші басты назарда екенін және барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтуда.

Ауыз су мәселесі шешімін табуда

10 мыңға жуық тұрғыны бар Батыс шағынауданы биылдан қалмай таза ауыз жүйесіне қосылады. Қала басшысының тікелей бақылауындағы бұл мәселе, осы жылы оңтайлы шешімін тауып отыр. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесі де тартылуда.
Мұндағы шағынаудан халқы бүгінде ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып отыр. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ұзындығы 151,47 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 80 пайызы тартылған.
Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ы тарапынан қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары күз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Демек, жыл соңына дейін Батыс шағын ауданындағы 9618 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде.
Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылды.

716


Құрылыс жұмысы толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағынауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

11 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтылады

Жеті жылдан астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағынауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Тұрғындарды сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен бітіп, Асар-2 шағынауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесі де тартылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.